Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: Ақпараттандыру объектісі арқылы – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі-Платформа).
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) білім туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
7) ПББ өткендігі туралы сертификат;
8) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
11) Эссе (250–300 сөз)
Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер, ПББ өткендігі туралы сертификат тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық үкімет шлюзі арқылы алынады. 4), 5), 8), 9), 10), 11) тармақтарда көрсетілген құжаттар Платформада жинақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦК қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі