"Еркежан" бөбекжай-бақшасының базасында жылы әрі шынайы атмосферада мектепке дейінгі ұйымдардың бұрын қызмет атқарған директорлары мен меңгерушілерін — педагогикалық еңбектің ардагерлерін ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті.
Бұл — өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне өмірін арнаған жандарға деген алғыс пен құрметке толы ерекше күн. Педагогика саласының ардагерлері — сан жылдар бойы өздерінің даналығы, тәжірибесі мен балаға деген сүйіспеншілігі арқылы жас мамандарға үлгі болған тұлғалар.
Кездесу барысында балабақшамен мектеп тарихындағы жарқын сәттер еске алынып, ардагерлерге алғыс сөздер айтылып, "Еркежан" бөбекжай-бақшасының ұжымы мен тәрбиеленушілері дайындаған музыкалық және шығармашылық нөмірлер ұсынылды.
Бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіне айналып, өңіріміздегі мектепке дейінгі білім беру саласының бастауында тұрған жандарға деген құрметтің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.