2018 жылдың 27 қыркүйегінде "Keleshekke – kemel bilimmen!". Аудандық мәдениет үйінде Атбасар ауданының педагогтары жиналды. Ашылу біздің тәрбиеленушілеріміздің жарқын, әсерлі би нөмірлерінен басталды. Пленарлық отырыста "Еркежан" балабақшасының меңгерушісі Ж.Е. Толғамбаева "Мектепке дейінгі ұйым жағдайында инновациялық қызметті басқару" тақырыбында баяндама жасады. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының секциялық отырысында ересек топ тәрбиешісі Сайфонова Лилия Маратовна мастер-класс өткізді. Аудандық мәдениет үйінің екінші қабатында Lego – құрастыру және робототехника бойынша шығармашылық көрме ұсынылды. Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін меңгеруші республикалық кәсіподақ федерациясының медалімен марапатталды, сондай-ақ балабақша педагогтары М. О. Жақсылықова, Б. А. Алдабергенова грамоталармен марапатталды.