Текст
Бірінші мамырда Қазақстан ең мейірімді де жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды. Мереке қарсаңында «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында тақырыптық іс-шара өтті. Балалар Қазақстан Республикасының әнұранын орындап, бірлескен коллаж арқылы елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерімен танысты. Балалар Қазақстан, халықтар достығы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Ән айтып, достық биін билеп, қызықты ойындар ойнадық. Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етеді, адамгершілік және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балалардың өз дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге мүмкіндік береді.