Біздің елімізде авитаминоз белгілерін: жиі шаршау, ұйқы басу, иммунитет төмендеу, терінің құрғауы тәрізді белгілерді білмейтін адам кемде кем шығар. Шынында, жылдың салқын мезгілінде еліміздің тұрғындарының тағамдану рационы жеміс-жидектер, көкеністер азаюына қарай, болса да олардың құрамындағы дәрумендер мен микроэелементтердің аз болуына байланысты жақсы жағына өзгермейді.
«Көктемгі авитаминоз» деген ұғым, шынын айтқанда, дұрыс емес біріншіден- дәруменге ең кедей ай – ақпан айы, екіншіден, авитаминоз – ағзада бір немесе бірнеше дәрумендердің өткір жетіспеуінен пайда болатын салиқалы сырқат. Қазіргі кезде гиповитаминоз – дәрімендер құрамының жеткілікті болмауы жиі кездеседі.
Гиповитаминозға балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер,қарттар бейім болады. Бұл адамдардың бойындағы гиповитаминоз қауіпті, бар проблемаларды ушықтырады, басқа сырқаттарды емдеу қиынға соғады. Дәрумен жетіспеушілік белгілерін созылмалы шаршаңқылықтан басқа, жиі салқын тию, қызыл иектердің қанауы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуынан байқауға болады. «В» тобы дәрумендері жетіспеген жағдайда ревматизм, жүрек-қан тамырлар сырқаты ушығады, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, қан аздылық, тері қабынуы, жүрек айну, конъюнктивит (көздің іріңдеуі), асқазан мен бауыр ауырады, балалардың бой өсуі ақырындайды. «С» дәрумен жетіспеушілігі тістердің шіруіне және иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтырады.