Текст
"Қарлығаш" ересектер тобында "Азық-түлік дүкені сюжеттік-рөлдік ойыны" тақырыбында сөйлеуді дамыту бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: байланыс, қарым-қатынас машықтарын, біліктерін дамыту, әңгімелесуге тарту және түсіне білуге баулу,эмоционалдылық, көркемдіккетәрбиелеу.
Балаларға жаңа дүкеннің ашылуына қатысу ұсынылды. Ол үшін балалар азық-түлік базасына барып, жүргізуші мен сауда өкілдерінің рөлдерінде өздерін сынап көрді. Содан кейін балалар жаңа дүкеннің сөрелерін толтырып, сатушы мен сатып алушы рөлдерінде өздерін сынап көрді. "Тоңазытқышты толтыр" дидактикалық ойынында балалар азық-түлік сақтау үйлесімділігі туралы білімдерін толықтырды. Барлық балалар белсенді болып, көптеген жағымды әсер алды.