Мектепке дейінгі ұйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
«Еркежан» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп қызметін үйлестіруге арналған жоспар әзірленіп, табысты жүзеге асырылуда. Аталған жоспар мектепалды жастағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту бойынша білім беру мазмұнын өзара үйлестіруді, сондай-ақ бірыңғай педагогикалық тәсілдерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоспар аясында бастауыш сынып педагогтерімен бірлескен іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі: ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен сабақтарға өзара қатысу, консультациялар, дөңгелек үстелдер, ашық іс-шаралар ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепалды топтарының ата-аналар жиналыстарына қатысуы, тәрбиеленушілердің мектепке экскурсиялары, сондай-ақ балалардың мектепке даярлық деңгейіне мониторинг жүргізу.
Осындай жүйелі жұмыс мектепалды топ түлектерінің мектеп жағдайына табысты бейімделуіне ықпал етіп, білім беру үдерісінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.












