Текст
1. Жұқтыру қаупін барынша азайту үшін балалардың үйде болғаны дұрыс. Бұл ретте үй-жайды жүйелі түрде желдету қажет, күніне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау жүргізу қажет. Үй-жайларды, сондай-ақ заттарды, өнімдерді үйге жеткізгеннен кейін дереу дезинфекциялау маңызды.
2. Қандай да бір мекемелерге, қоғамдық тамақтандыру, сауда орындарына, білім беру және ойын-сауық орталықтарына, сондай-ақ басқа да қоғамдық пайдалану орындарына баруды толық болдырмау қажет.
3. Баруға болмайтын қоғамдық орындарға: аулалар мен саябақтардың ойын алаңдары жатады.
4. Сіз балалармен жеке үй учаскелерінде және жеке пайдаланылатын жерлерде жүре аласыз.