Хамзин Жақсыгелді Сәтбекұлы 1973 жылы 5 сәуірде Жақсы ауданы, Терсақан ауылында дүниеге келген.
Жақсыгелді Сәтбекұлы Хамзиндердің тату-тәтті отбасындағы тұңғыш перзент. Ол екі бауыры, інісі мен қарындасы үшін жауапкершілік пен еңбексүйгіштіктің лайықты өнегесі
«Терсақан» ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1991 жылы әскер қатарына аттанған. Әскери борышын өтеп, туған ауылына оралып, қайта құрудың қиын жылдарында еңбек етті. 2000 жылдары Атбасар қаласына қоныс аударып, шаңырақ көтереді. Мейірімді, зейінді, сезімтал әке екі бала: ұлы Нұржас пен қызы Әдияны тәрбиелеп отыр. «Еркежан» бөбекжайында жұмыс істеген уақытта өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Жақсыгелді – шығармашыл, сезімтал адам. Әрқашан үй-жайларды безендіру, көрмелер ұйымдастыу, жобалалар жасауға қатысады. Ол өз жұмысында рационализаторлық тәсілді жиі қолданады. Жер учаскелерінде және жылыжайда автоматтандырылған жаңбыр мен тамшылатып суару тәсілін ойлап шығарды. Үй-жайлар мен аумақтағы барлық жөндеу жұмыстары оның шебер қолынан шыққан. Ұжым ішінде жауапты жұмысшы және салиқалы адам ретінде сипатталады.