Текст
Мақсаты:
Балалардың эмоционалды қарым-қатынастарын дамыту арқылы ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ойын барысы:
Балалар қараңдаршы бізге қонаққа көжек келіп отыр екен.Бірақ көжектің көңіл күйі жоқ екен.Көжектің көңіл күйін көтермедік пе?!
Балалармен бірге көжекке сыпайы сөздер айту.Балалар сендер қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
Балалар көжектің көңіл күйін көтерейік:
Ұзын құлақ,сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы ,қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Жарайсыңдар,балалар!!! Сендер көжектін көңіл-күйін көтердіңдер.