Боровикова Марина Сергеевна – «Еркежан» бөбекжайы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы. Жаны жарқын, жүрегі дархан, мейірімді адам.Ол адамды өзіне тартып, қызықтыра алады,қамқорлық танытып, көмектеседі.
Сауықтар мен жұмыстарды, түрлі көпшілік шараларды ұйымдастырады. Өз ара түсіністік, көмек қолын созу және сыйластық пен құрмет арқасында ұжым ішінде тұтастық, бірлік орнаған.
Табиғат аясына серуенге шығу, спорттық – көпшілік шаралар, флешмобтар, қызметкерлер мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік сауық-шаралар, қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық сыйлықтар тарту ету сияқты көптеген игілікті істер Марина Сергеевнаның тікелей қатысуымен ұйымдастырылады және өткізіледі.
Кәсіподақ көшбасшысының табанды еңбегі арқасында биылғы оқу жылында кәсіподақ ұйымдарының арасындағы облыстық конкурста біз жүлделі 2 орынды иелендік. «Еркежан» бөбекжайының жас әрі аса жауапты,белсенді кәсіподақ ұйым төрайымы - Боровикова Марина Сергеевна әріптестері арасында беделді, лайықтысый—құрметке ие.