Ойын бала өміріндегі тірбиенің шешуші шарты.Бала өзінің қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Белгілі психолог Е.А.Аркиннің пайымдауынша,ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі.Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән.Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай»
Баланы жақсы тану, жақсы түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддессін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Сондықтан да педагог бала ойынына ерекше мән беріледі .
В.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуыда жоқ және
болуы да мүмкін емес.»Ойын арқылы балалар көп нәрсені үйреніп тез ұғынып сол ойынға қортынды жасапта үйренеді.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.
Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын адамның мінез – құлқын
өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізідегі іс – әрекеттің бір түрі нәресте заттық іс-әрекетті бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады барлық адам тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын әрекетін бастан кешіреді сәбилік кезінен бастап бала өзін қоршаған ортаны өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады тек көру,сипап,сезу байқап тану емес тікелей араласып іс — әрекетке көшуін нақты қарым – қатынас барысында біледі.
Осылайша ойын адамның өміртанымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі іс – әрекеті ойыннан басталады. Оның негізгі болашақ өмірінде оқу,еңбек іс – әрекетімен жалғастырылады,ойын бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын балалардың негізгі іс әрекетінде психологиялық, анатомиялық, физиялогиялық, педагогикалық маңызы зор қызмет атқарады.