Текст
Бүгін мектепалды «Арай» тобы тәрбиеленушіліріне арналған «Балабақшамен қоштасу» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
29.05.2026
Бұл күн бүлдіршіндер үшін ерекше де әсерлі сәттердің бірі болды. Балалар балабақшада үйренген әндерін айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік кеш барысында тәрбиеленушілер ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Әсем безендірілген залда көтеріңкі көңіл- күй орнап, ата- аналар мен қонақтар балалардың өнеріне ризашылықтарын білдірді.
Біз түлектерімізге ақ жол, оқуда озат, елінің мақтанышы болатын азамат болып өсулеріне тілектеспіз!
Просмотров: 932