«Еркежан» бөбекжай-бақшасында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған, балалардың бойында патриоттық сезімді, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
30.10.2026

Танымдық әңгімелер, шығармашылық тапсырмалар, әндер, билер мен тақырыптық ойындар арқылы балалар туған елінің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысты. Туған Отанына деген мақтаныш сезімін, мемлекеттік рәміздерге, ана тіліне және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.