Текст
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында біздің балабақшада таңертеңгі сүзгі жүргізіледі. Баланы балабақшаға қабылдаған кезде медбике баланың дене температурасын байланыссыз термометрмен өлшейді, содан кейін қолын антисептикпен өңдейді және тәрбиеші тәрбиеленушіні топқа ертіп жүреді. Балабақша қызметкерлері жұмыс орнында маска режимін және жеке гигиена ережелерін сақтайды. Ата-аналар балабақша аумағына кірген кезде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтайды.