Тәрбиеленушілердің отбасыларымен тиімді ынтымақтастық орнату – мекеме қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ата-аналармен жұмыстың ең нәтижелі түрлері ретінде «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі» жобалары, отбасылық шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, бірлескен мерекелік іс-шаралар және мамандардың тәжірибелік кеңестері ұйымдастырылды. Мұндай жұмыс түрлері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, отбасы мен балабақша арасындағы серіктестік байланысты дамытуға және ата-аналарды білім беру процесіне белсенді тартуға ықпал етті.
«Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді. Бағдарлама аясында тәрбиеленушілердің бойында адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілікті, отбасыға, Отанға, ұлттық дәстүрлерге, еңбекке және қоршаған ортаға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Жұмыстар тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, мерекелер, акциялар, шығармашылық жобалар, спорттық іс-шаралар және әлеуметтік маңызы бар бастамалар арқылы жүзеге асырылды.
Мекеме қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және ата-аналар қауымын ақпараттандыру мақсатында өткізілген барлық іс-шаралар «Еркежан» бөбекжайының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында уақтылы жарияланып отырды http://ds0005.atbasar.aqmoedu.kz/., https://www.instagram.com/erkezhanbalabakshasy.atbasar?igsh=MXhqZmsyOXlteG13YQ==. Фото және бейнематериалдардың, ақпараттық мақалалар мен есептердің тұрақты жариялануы мекеменің ақпараттық ашықтығын арттыруға, ата-аналармен өзара байланысты нығайтуға және балабақшаның озық тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.







