«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АМАНДАСУ ДӘСТҮРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

08.02.2018

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте  бай халық. Ананың ақ сүтімен, әкенің қанымен бойымызға сіңген салт-дәстүріміздің  ғасырдан-ғасырға ұрпақтар көшімен бірге ілесіп, өз құндылығын жоғалтпай  келе жатқаны да тегін емес. 

          Халқымыз  амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана  баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы жатыр. Әр сөзді сәлемдесуден бастайтын халқымыздың осы бір жақсы қасиеті көпшілікті татулыққа, сыпайылыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа

үндейді. Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар” делінген екен. Бұл да амандасудың адамгершілік сатысының бір биігі  екенін көрсетсе керек. Амандасу  салт-дәстүрімізде ерекше орын алады. Жасы кішінің үлкенге, атты адамның жаяуға, келе жатқан адамның отырған кісіге амандасатыны ежелден келе жатқан салтымыз.

Бұл мақаланы жазудағы мақсат–халқымыздың сәлемдесу түрлерін келтіріп, салыстыра отырып, қазақ халқының тағы бір  тамаша салт-дәстүрінің барын, адам баласының бір-біріне деген сый-құрметінің белгісі-амандасудан басталатындығын, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Тіл үйретуде қолданар таптырмас тәсілдің бірі-төл мәдениетімізді өзге ұлт өкілдеріне көркемдей, айшықты түрде көрсете білу, тіліміздің ең мәдениетті де ұлағатты, бай  тіл екенін көпшілік оқырманға жеткізе білу.

      Адамдар бірімен-бірі кезіккенде жылы шырай білдіріп, аман-сәлем жасап, сый-құрмет танытады, мұның өзі адамзатқа ортақ қасиет. Амандасудың жалпы екі түрлі тәсілі бар: оның бірі, ауызша амандық сұрасу, енді бірі, қол алысу, құшақтасу, бетіне бетін тигізу, сүю арқылы бейнелеу. Адамзат ең арғы замандарда бірімен-бірі жолыққанда қолында қаруы жоқ, қастықсыз, адал екенін әйгілеу үшін алақанын жайып, қолын көрсетіп, қарсы жағымен жауаптасатын болған. Мұндай әдеттер ішінара қазірге дейін байырғы қалпын сақтаған  ұлттарда бар. Мамандар осы әдетті қазіргі адамдар амандасуының арғы төркіні деседі. Амандасу әдеті барлық халықта бар болғанымен, әр ұлттың амандасу салты өзгеше болады. Біздің арғы ата-бабаларымыздың ертедегі аман-сәлем жасау салты жаратылысқа, тотемге, иеге, киеге, тәңірге табынумен де байланысып жататыны белгілі. 8-ғасырдан бастап ислам дінін қабылдағаннан кейінгі жерде аман-сәлем жасау тәсілі өзгерді. Қазақтың жалпы аман-сәлемінде «Ассалаумағалайкүм!», «Уағалейкумассалам!», «Шүкірлік» деген амандасу терминдері қабылданды. Десе де, амандасу жолдары негізінен өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалды.

Просмотров: 1422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст