«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шыршамен қоштасу"

10.01.2017

Жаңа жыл – балалар үшін ең жарқын, қызықты, керемет мереке: әсем безендірілген жаңа жылдық шырша, Аяз ата , сыйлықтар... Бірақ мереке аяқталды,  сұлу шыршамен қоштасатын кез келді.. балалар түгілі үлкендердің өздері де жаңа жылдық ертегімен қимай қоштасып, сезімдерін жасыра алмады.

6 қаңтар күні біздің балабақшамыздың барлық топтарында  "Шыршамен қоштасу» өтті.  Сауық өте қызықты, тартымды болды, балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айнала ән шырқап, Аяз ата мен Қарша қызға өлеңдерін оқып, ойындар ойнады.

Юрий Левитанский  1988 жылы өзінің "Как показать зиму" атта өлеңінде жаңа жылдық шыршаны алған кезден бастап, оның гүлдену, жойылуына дейінгі өмірін образды түрде сипаттап берген. Ең негізгі мерекелік шаралар өткізіліп, мерекелік көңіл-күй тарқап,  мерекелік шаралар біткен  соң шыршаның өмірі  қайғылы аяқталатыны мәлім.

Жаңа жылдық шырша ежелден  жер бетінің  солтүстік аумағында тұратын халықтардың маңызды дәстүрі болып келген. Оңтүстікте оның орнына пальма немесе басқа да жапырақты ағаштарды,  тіпті көшеттерді пайдаланған. 

Кейбір ресми белгіленген даталар әрбір адамға  түсінікті , әрі керек  әрекет пен деген мотивациялар табылмаған соң  мерекелік күндер деп танылмай қалған. Ал менің ойымша, дәстүр мен салт болып жатса, мерекежалғасын табады. Демек, балалардың  "Шыршамен қоштасу»  шарасынан алған жарқын әсерлері олардың естерінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.

Балалар шыршамен,  Аяз ата,  Қарша қызбен қоштасты.

Ойындар, әзілдер, конкурстар, Аяз атамен бірге өткізілген жаңа жылдық

дискотека  -бәрі болды. Сұлу шыршамен келесі кездесуді асыға күтеміз!

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст