Мақсаты: ата-аналардың үй жағдайында көп күш пен уақыт жұмсамай кіші жас балаларының ұсақ қол моторикасы мен сенсорлық дамуын қалыптастыруға көмектесу.
Міндеттері:
Сенсорлық даму - балалардың кіші жастағы жалпы дамуының негізін құрайтын басты бөлігі болып табылады.
Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Сенсорлық тәрбие арқылы бала айналадағы заттардың жеке қасиеттерін, яғни көлемі, түсі, кеңістіктегі орны, дәмі, иісі және т.с.с. таниды.
Сенсорика баланың даму үдерісінде сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп, сезінуіне бағытталған.
Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:
Әр жастың сенсорлық тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар.Ерте жастан-ақ түс, пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі. Осы ой елестерінің әртүрлі болуы маңызды. Бұл баланы түрлі сапалы түс спектрларымен, геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, текше, кірпіштермен таныстыру керектігін түсіндірелі.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту, көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді, өлшемді анықтау. Түсіну және де сөйлегенде көлем мен пішін атауларын қолдану.
Баланың ең сүйікті ісі не? Әрине, ойын! Балалар үйде, аулада, балабақшада, қонақта да ойнайды. Ойын арқылы қоршаған ортаны, өзінің ішкі әлемін танып біледі.Кіші жаста ойын арқылы сәбидің сезім мүшелері дамиды. Оның есту, көру, дәм сезу әсерлері күшее түседі. Бұл кезеңде зерттеу әрекеті мен қозғалыс белсенділігінің негізі қаланады. Сәби заттардың қасиеттерін бар мүмкіншілігін пайдалана отырып, аса белсенділікпен зерттейді. Затты қозғап, ұстап көреді, аузына салып, дәмін көреді.
Құрметті ата-аналар, мен бүгін сіздердің назарларыңызға өте қарапайым, сонымен қатар өте қызықты ойындар ұсынамын. Бұл ойындарды сәбилеріңізбен тура ас бөлмесінде ұйымдастыра аласыздар. Негізгісі бұл ойындар аса дайындықты талап етпейді. Ойын құралдары ретінде әр үйден табылатын заттар қолданылады.
Сонымен аздап ойнап алайық. Шұңғыл ыдысқа үрмебұршағын саламыз да нан илегендей кейіп танытамыз. Ал егер екі түсті үрмебұршағын салсақ, екеуін айырып алуды ұсынамыз. Бұл әрине тағы да- сенсорика.
Мен алдында атап өткендей сенсорлық даму мен ұсақ қол моторикасының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазір бір үрмебұршағын алып алдымен бас бармақ пен сұқ саусақ, сосын бас бармақ пен ортан саусақ, сосын бас бармақ пен аты жоқ саусақпен алып көріңіз...қалай? ал балаларға оны жасау тіпті қиын. Үйде осындай жаттығулар жасасаңыздар сіздің сәбиіңіздің ұсақ қол моторикасы әлде қалай қарқынды дамитын болады. Ал егер ойын соңында балаңыз «тосын сый»(кішкентай ойыншық немесе кәмпит) тауып алса, бала қуанышында шық болмасына сенемін.
Мен бүгін сіздерді балаңыздың бос уақытын пайдалы етудің аз ғана мөлшерімен таныстырдым. Өздеріңіздің бар мүмкіншіліктеріңіз бен шығармашылығыңызды пайдаланыңыз және ең негізгісі,балаңызбен әрдайым сөйлесіп, табиғат құбылысын, түстер мен пішіндерді, өзіңіздің бар әрекетіңізді атымен атаңыз. Бала әрдайым түрлі ақпарат алып отырсын, шаршап қалады деп қобалжымаңыз. Оқыту неғұрлым еркін болса, соғұрлым оңай, әрі жеңіл өтеді. Сәбиіңізбен дамытушы және көңілді ойындар ойнаңыз. Ойын барысына қатысып отырыңыз. Бұл балаңыз бен сіздің араңыздағы байланысты күшейте түседі.