«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли – сад «Еркежан» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»


Вкусноежка

Біз әлеуметтік желілерде

  

 

"Еркежан" б/б ұжымы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшада музыканы оқыту»

29.11.2017

Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде

эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі–музыка. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік

заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Музыка тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық

шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Сонымен бірге тыңдау арқылы балалардың эстетикалық сезімдері, талғамдары дамып, эмоциялық сезімдері оянып ләззат алады. Музыкаға деген қызығушылықтары артып, тыңдау қабілеті дамиды. Музыка тыңдату жайында балалар дамуының бірдей дәрежеде еместігін түсіну маңызын музыканы үйретуші білуі керек. 
Би бөлімінде музыканың әуен-ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып,

мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз. 
Музыкалық – дидактикалық ойындар бөлімінде айтылған әннің сөздеріне, әуеніне зер салып, ұқыпты жүруге, әннің сөздеріне сәйкестіре қимыл-қозғалыстар жасауға баулимыз. Балалардың музыканың екпіні мен ырғағына икемделуіне, дыбыс күшінің бірде қатты, бірде ақырын естілуін аңғара білулеріне мүмкіндік береміз. Музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанрдағы (марш, вальс, полька) ырғақтың өзіндік ерекшелігін айыра білуге үйретеміз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын, музыканың басталуын және аяқталуын аңғаруға жаттықтырамыз. Ойын арқылы музыкалық қабілеттерін дамытамыз. Сап түзеп жүруге, дене бұлшық еттерінің ширауына да әсерін тигіземіз. Қазақ халқының ұлттық ойындарының ойналу тәртібі мен өзіндік ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік береміз.

Музыкаға және биге деген шығармашылықтарын дамыта отырып, музыкалық білімдерін арттырамыз. 

Осы мақсаттарға жету үшін балабақшаның әр топтарында жас ерекшеліктеріне қарай жоспар дұрыс, жүйелі түрде құрылуы тиіс. Балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктері бірдей емес. Бірі балабақшаға енді келіп жатса, енді бірі

ешқандай білім мекемелерінде болмай үйден келгендер. Олардың музыкалық

қабілеттері де әртүрлі. Балабақшадағы балалар өздерін еркін сезініп, би қимылдарын жасқанбай жасап, өз ойларын ашық айта біледі. Музыкалы дидактикалық ойындарды ойнау барысында белсенділік танытады. Музыка үйретуші балабақшада бұрын болмаған, енді ғана балабақшаға келіп жатқан балалармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Сонымен бірге балабақшадағы балаларды жалықтырып алмау жағын да қарастыру керек. Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін. 

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2018 © sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст