Текст
Мектепалды «Арай» тобының балалары «Наубайханаға саяхат» атты танымдық экскурсияға барды. Балалар наубайшылардың еңбегімен танысып, нанның қалай дайындалатынын өз көздерімен көрді. Кішкентай қонақтар қамыр илеу, нан пісіру үдерісімен танысып, наубайхана ішіндегі түрлі құрал- жабдықтарды тамашалады. Мұндай іс-шаралар балалардың қоршаған ортамен танысуына, еңбекке деген құрмет сезімін оятуға және таным көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді.
Наубайханаға жылы қабылдап, шынайы шеберлікті сезінуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.
Экскурсия соңында балалар дәмді тоқаштардан ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты!