Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Оқу іс-әрекеттерін дәстүрден тыс үрдісімен өткізу балалардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондай үрдістің бірі балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеуге үйрету. Оқу іс-әрекет жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Ал шығармашылық әрекет баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қоршаған ортадан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулу. Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды. Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана
отырса, мұндай әрекет белсенділікпен, шығармашылықпен, қызығушылықпен болғандықтан нәтижесі төмен болады. Керсінше, егер бала әр түрлі, ылғи өзгеріп отыратын қатысса, ол үнемі дамыды. Мысалы, алақан, саусақ, табандарымен, әртүрлі таяқшалар, жіптер, далаппен сурет салуды қызық көреді. Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларлық сурет салуға қолдану-бұл сондай тамаша!
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде «көкеніс бастырмасы», жіп графикасы, бір басылымды сурет (монотипия), граттаж сияқты «сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға өте ұнайды.