Текст
Ұйымдар тізімі
17.04.2026
Балалар қазақ халқының дәстүрлі баспанасы — киіз үймен үлкен қызығушылықпен танысты. Олар киіз үйдің құрылымы, маңызы және көшпенділер өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды. 🌿🐎 Кішкентай бүлдіршіндер киіз үйдің қандай бөліктерден тұратынын және оның дала жағдайында өмір сүруге неліктен қолайлы екенін білді.
Бұдан кейін сабақтың ең қызықты — шығармашылық кезеңі басталды. 🎨🖌️ Балалардың салған суреттері өте ашық, әрі ерекше болып шықты. 🌞🌈🌱
Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектеседі. ❤️




