Ұйымдар тізімі
20.04.2026
Бүгінбізде «Екіқошқар» орыс халық ертегісі бойынша қызықты оқу қызметі өтті.
Балалар ертегінің мазмұнымен танысып қана қоймай, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылап, достық, өзара көмек және келісімге келу туралы маңызды қорытындылар жасады.
Сабақтың мақсаты:
— тіл дамыту және мазмұндап айту дағдыларын қалыптастыру
— қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту
— бір-біріне деген мейірімділікке тәрбиелеу
Міндеттері:
— ертегінің мағынасын түсінуге үйрету
— зейінді, есте сақтау қабілетін және қиялды дамыту
— сұрақтарға жауап беру және өз ойын жеткізе білу дағдыларын бекіту
Сабақ барысында балалар белсенді қатысып, әңгімеге араласып, көріністер қойып, түрлі жағдайларда дұрыс шешім табуды үйренді.
Балалардың жасаған басты қорытындысы: әрқашан келісімге келіп, бір-біріне жол берген дұрыс.




