«Жас зерттеушілер»

14.07.2026

«Бөбектер» ортаңғы тобында «Жас зерттеушілер» тақырыбында қызықты іс-шара өтті.

Біздің кішкентай зерттеушілеріміз үлкен қызығушылықпен қызықты жаңалықтар әлеміне саяхат жасады. Іс-шара барысында балалар сумен қарапайым тәжірибелер жасап, қасықтардың көмегімен түрлі-түсті шарларды аулады. Сондай-ақ, балалар құмды зерттеп, оның ішінен жасырылған заттарды іздеп тауып, қызықты тапсырмаларды үлкен ықыласпен орындады.

Әрбір тәжірибе балалардың таңданысын, қуанышын оятып, қоршаған әлем туралы одан әрі білуге деген қызығушылығын арттырды.

Просмотров: 1084


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст