19.08.2026
Секцияның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру, балалардың ерте дамуын қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені дәріптеу және қолайлы дамытушы ортаны қалыптастыру бағытындағы тиімді тәжірибелермен бөлісу.
Секциялық жұмыс барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға бағытталған пікір алмасу ұйымдастырылды.
Тәжірибе алмасу алаңында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайының меңгерушісі Касымова Гульдена Арыстановна «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру: тиімді тәжірибелер мен практикалық шешімдер» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға мектепке дейінгі құзыреттілік орталықтарының басшылары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату жолдарын талқылады.