Текст
Ұйымдар тізімі
27.08.2026
Жазғы серуен кезінде ортаңғы «Ботақан» топ балалары балабақша ауласындағы гүлдерді бақылауға қатысты. Балалар гүлдердің түрлерін, түсін, пішінін және көлемін қызығушылықпен қарастырды. Тәрбиеші балаларға гүлдердің өсуіне күн сәулесі, жылу, су және күтім қажет екенін түсіндірді. Балалар гүлдерді жұлмай, оларды күтіп- баптау керектігін білді. Бақылау барысында балалардың табиғатқа деген қызығушылығы артып, өсімдіктерге қамқорлықпен қарау дағдылары қалыптасты. Осындай бақылау жұмыстары балалардың байқағыштығын, танымдық белсенділігін және табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға ықпал етеді.




