01.09.2026
Бүгін ГККП «Еркежан» бөбекжай-бақшасында 2026–2027 оқу жылындағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындауға арналған педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтер 2026–2027 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатпен танысып, қызметтің басым бағыттарын талқылап, жылдық жұмыс жоспарының негізгі міндеттерін қабылдады.
Сонымен қатар төмендегі құжаттар қаралып, бекітілді:
📌 жұмыс оқу жоспарлары ;
📌 ұйымдастырылған іс-әрекеттің кестесі;
📌 күн тәртібі;
📌 жаңа оқу жылындағы білім беру және тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.
Педагогикалық кеңестің ерекше қуанышты сәті – аттестаттаудан сәтті өтіп, біліктілік санаттарына ие болған әріптестерімізді құттықтау болды:
🌟 «Педагог-модератор» – Джакупова М.Д.;
🌟 «Педагог-сарапшы» – Кашкимбаева Б.Б., Аканова С.Ш.;
🌟 «Педагог-зерттеуші» – Серикпаева А.Д.
Әріптестерімізге кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және педагогикалық идеяларын жүзеге асыруда толағай табыстар тілейміз!
Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар, жаңа мүмкіндіктер және жаңа жеңістер!
2026–2027 оқу жылы ұжымымыз үшін кәсіби өсуге, жемісті еңбекке және жарқын жетістіктерге толы жыл болсын!