«Отбасы-бақыт мекені»

11.09.2026

Отбасы күніне орай ересек «Балапан» тобында ата-аналармен бірге мазмұнды әрі қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты- отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділік пен өзара сыйластықты нығайту, отбасылық дәстүрлердің маңызын дәріптеу. Мерекелік кездесуде ата-аналар балаларымен бірге «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында шығармашылық коллаж жасады. Әр отбасы өздерінің сүйікті сәттерін, отбасылық құндылықтарын бейнелеп, ерекше безендірілген коллаждарын таныстырды. Әрбір коллаждан отбасына деген сүйіспеншілік, жылулық пен бақыт сезімі байқалды. Отбасыларыңызға әрдайым амандық, береке, татулық пен шаттық тілейміз!

Просмотров: 181


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст