15.09.2026
Бүгін «Еркежан» бөбекжай-бақшасында өрт болған жағдайда балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау, сондай-ақ террористік қауіп туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді ғимараттан жедел әрі ұйымдасқан түрде эвакуациялау, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін сақтау, сондай-ақ жауапты тұлғалардың өзара іс-қимылы пысықталды.
Педагогикалық ұжым ұйымшылдық, жауапкершілік және жоғары деңгейдегі үйлесімді әрекет көрсетті. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай оқу-жаттығуларды жүйелі түрде өткізу қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және мектепке дейінгі ұйымдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.