«Ана мен бала - шығармашылық әлемінде»

10.09.2026

Отбасы күніне орай «Арай» мектепалды тобының ата-аналары мен балалардың қатысуымен ерекше шығармашылық кездесу өтті. ❤️

Ата-аналар балаларымен бірге фетрден түрлі бұйымдар жасап, қазақы ою-өрнектермен безендірді. Бірге еңбек етіп, өз қиялдарын ортаға салған ата-аналар мен балалар үшін бұл күн жылы естелікке айналды. ✂️🎨

Осындай бірлескен шығармашылық жұмыстар арқылы отбасылық құндылықтар, мейірімділік, сыйластық пен бірлік нығая түседі.

Қатысып, қолдау көрсеткен ата-аналарымызға шын жүректен алғыс айтамыз! 🌷❤️

Бірге жасаған бұйым – жүректен шыққан сый!

Просмотров: 117


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст