Текст
Ұйымдар тізімі
22.09.2026
Ортаңғы «Ботақан» тобының ата-аналарына біздің бөбекжайымыздың «Таза Қазақстан» іс-шарасына белсенді қатысқандары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Туған жеріміздің тазалығы мен көркейіп, абаттануына өз үлестерін қосып, балаларға қоршаған ортаны аялаудың, тазалықты сақтаудың үлгісін көрсеткен ата-аналарымызға ризашылығымыз шексіз. Осындай игі бастамаларға бірлесе қатысу – балаларымызға экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды қадамы. Белсенділіктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет! Бірлігіміз нығайып, ортақ игі істеріміз көбейе берсін!




