Текст
Бүгін мектепалды «Ботақан» тобында қашықтықтан «Ата-анамен балабақша» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.Мектепке баратын балалардың нені білу керек екендігі жайлы ата-аналарға кеңестер берілді. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Өз уақыттарын бөліп қатысқан ата-аналарға алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға береке, байлық және денсаулық тілейміз.