Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қауіп-қатер және өрт кезіндегі іс-әрекеттерді одан әрі жетілліру мақсатында 2024 жылғы 8 қазанда «Еркежан» бөбекжай-балабақшасында балабақша тәрбиеленушілері мен жұмысшыларын ғимараттан эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу шарасы өткізілді.Балабақша қызметкерлеріне өрт болған жағдайда не істеу керектігі туралы алдын ала нұсқаулық берілді. Балалармен «Өрт кезінде өзін қалай ұстау керек» атты әңгіме жүргізілді.
Оқу-жаттығу шарасының мақсаты өрт кезіндегі эвакуациялау барысында мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерін үйлестіру және оқыс жағдайда іс-қимыл дағдыларын дамыту болды. Балабақша ұжымы дабыл сигналы бойынша эвакуациялау жоспары мен эвакуациялық дайындық жоспарына сәйкес ғимараттан сабырмен және жылдам эвакуацияланды. Барлығы шұғыл және сауатты әрекет етті, балалар төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер туралы білімдерін бекітті. Топ тәрбиешілері оқу-жаттығу шарасына қатысушы тәрбиеленушілерді қатысу табеліне сәйкес шара өтетін орнында дауыстап шақыру арқылы түгендеді.