Текст
Музыкалық сабақта балалар музыкалық және шулы дыбыстар, бізді қоршап тұрған дыбыстар туралы біледі. "Аққулар" мектепалды даярлық тобында күн, аспан, табиғат секілді барлық дүниенің жарасымды құбылыстары басталған «Сұлулық жаныңда» (жансыз табиғат құбылысы) тақырыбы бойынша сабақ өтті.
Орманнан келген қонақтар -Аю мен Қоян балалармен бірге музыкалық жылынуға, ән айтуға, әндер орындауға және "Сен білесің бе?" ойын ойнады. Тәрбиеленушілер сабақты бір-бірін және жалпы топты формативті бағалау арқылы қорытындылады.