Текст
Балабақшадағы эксперименттік -тәжірибелік қызметтер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған тиімді іс-әрекет болып табылады. «Қарлығаш» тобының балалары «Балабақшадағы ғылым» челленджіне белсенді қатысты. Біз балалармен сода, күнбағыс майы және сүтпен бірнеше тәжірибе жасадық. Соданың қышқыл арасындағы күшті реакцияны бірнеше рет қайталағаннан соң балалар ерекше эмоцияға бөленді, олар ойларын: сиқыршылармыз! деп түйіндеді.