Балаға ертегі сияқты еш нәрсе ерекше әсер етпейді, бұл сөзсіз түсінікті және түсіндіруді қажет етпейді.
"Еркежан" бөбекжайының балалар театр ұжымы аудандық «Сказочный дождь» байқауына қатысты. Байқауға "Мақта қыз бен мысық"ертегісі ұсынылды. Біздің кішкентай актерлеріміз ертегі кейіпкерлеріне айналып, шынайы сезімдер мен эмоцияларды көрсете алды. Мұғалімдер мен ата-аналардың қолымен жасалған керемет декорациялар мен костюмдер де назардан тыс қалмады. "Еркежан" бөбекжайының театр ұжымы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.
Қойылым жетекшілері Қалмағанбетова Ақмарал Өмірбекқызын, Құрақбаева Гүлжан Аманқызын, тәрбиеленушілерді және барлық педагогикалық ұжымды құттықтаймыз!!! Біздің жас дарындарға және педагог-тәлімгерлерге келешекте сәттілік пен мол табыс тілейміз.