Текст
Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық сабақтар балаларға қиялын дамытуға және музыка арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Ересек "Қарлығаш" тобында "Мамандықтар еліне" атты музыкалық саяхат өтті. Музыка арқылы тәрбиеленушілер мамандықтармен жақынырақ танысты, жұмбақтар шешті, дауысты, ырғақ сезімін дамыту жаттығуларын орындады. Көркем және шығармашылық іс-шаралар арқылы адам кәсіптерінің әртүрлілігі туралы идеяларды кеңейте және нақтылай отырып, тәрбиеленушілер "Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды" деген қорытынды жасады.