Текст
8 наурызда – біздің планетамыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелейді. Біз оған мейірімді және көңілді мереке ретінде үйреніп қалдық. Біз оны жағымды жұмыстар үшін, аналарымыздың, әжелеріміздің, тәтеміздің, қыздардың күлкілері үшін, яғни барлық әйелдер үшін жақсы көреміз. Ересектер тобының балалары мерекеге орай нағыз сұлулық конкурсын ұйымдастырды, ұлдар қыздарды құттықтады. Қыздарды жалынды, көңілді тапсырмалар мен сайыстар күтіп тұрды. Қазылар алқасы әр қызды бағалап, дипломдарын табыс етті. Барлық балалар тамаша көңіл – күймен қалды.