2024 жылдың 18-желтоқсанында «Еркежан» балабақшасы базасында Құзырет орталығының жұмыс жоспары шеңберінде «Этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру» атты аудандық практикалық семинар өтті. Семинар барысында «Еркежан» балабақшасы педагогтарының келесідей жұмыс тәжірибелері таныстырылды: «Сторителлинг балалардың сөйлеуін дамыту үшін тиімді құрал ретінде» Касымова Г.А., «Даналық мектебі - ұлт болашағы» Орымбаева Я.Т., Халиулина Л.М. режимдік сәттерде «Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру, «Ұлттық құндылықтар арқылы балалардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру» М.Алип, «Кілем тоқу өнері - қазақ халқының ежелгі қолөнері» Сағындықова Ж.Ғ., Әйтенова А.Н., «Ән салатын аспаптар» Серикпаева А.Д., Ақанова С.Ш., «Патриоттық тәрбие-ел болашағы» Кашқимбаева Б.Б., «ЕБҚ бар балалармен жұмыстың тиімді әдістері» Дюбкина М.Э., «Халықтық ойындар арқылы балалардың танымдық саласын дамыту» Жунусова А.Ж.
Түстен кейін Атбасар ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мобильді тобы әдістемелік көмек көрсету мақсатында қала мектептеріндегі мектепалды даярлық сыныптары педагогтарының құжаттандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.