Жаңа жылдық мерекелер аяқталып, жасыл қонағымыз – шыршамызды орманға шығарып салатын уақыт келді. Бірақ жаңа жылдық арумен қоштасып тұрып, оны керемет жаңа жылдық мерекелер үшін алғыс айтпай кетуге болмайды.
Бүгін «Еркежан» балабақшасының барлық топтарында «Жаңа жылдық шыршамен қоштасу» атты іс-шара өтті. Балалар тағы да сиқырлы ертегі әлеміне саяхат жасады. Олар шеңбер жасап, ән айтып, билеп, қызықты ойындарға қатысты. Балалар алғыс сөздерін айтып, шыршамен келесі Жаңа жылға дейін қоштасты.
Шырша бұтағын бұлғап: «Қош болыңдар!» – деп сыбырлайды.
Ал келесі жылы бізге қонаққа қайта келеді!
Ән де айттық, би биледік, ертегіге де саяхат жасадық.
Шыршаға ризашылығымызды білдіріп: «Рақмет!» – дедік.
Келесі жаңа жылда, қыстың керемет кешінде кездесуді асыға күтеміз!