Текст
Қазақтың ұлттық "Шертпек" ойыны – балаларға арналған көңілді әрі тәрбиелік мәні зор ойындардың бірі. Бұл ойынның мақсаты – жасөспірімдердің шапшаңдығы мен ептілігін дамыту, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді таныту. "Шертпек" ойыны балалардың өзара қатынасуына, ынтымақтастық пен топтық жұмысты дамытуға ықпал етеді.
Бұл шараның "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұйымдастырылуы да маңызды. Себебі, ойын арқылы балалар қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттырып, олардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелейді. Сонымен қатар, дене қимылдары арқылы физикалық даму мен ойынның ережелерін дұрыс орындау арқылы балалардың тәртіптілігі мен жауапкершілігі қалыптасады.