Текст
Мектепалды "Арай" тобында "Жүзден жүйрік, мыңнан алғыр" атты денсаулықты сауықтыру шарасы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер әртүрлі спорттық ойындар мен жаттығуларға қатысып, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынады. Балалар белсенділік танытып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста жарысты. Мұндай шаралар балалардың дене дайындығын жақсартып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, мақсатқа жетуге ұмтылуға тәрбиелейді.
Тәрбиеші: Орымбаева Язгуль Толегеновна