Текст
Мақсаты:Өрт қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту.
Тапсырмалар:
Балаларды үйде және балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген құштарлықты тәрбиелеу.
Өрттің адамға тек пайда ғана емес, зияны да тигізетіні туралы түсінік беру, өрт қауіптілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Балалардың өз бетінше қолдануға болмайтын өрт қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балалардың өрт сөндіруші мамандығы және өртті сөндіруге көмектесетін құрал-жабдықтар туралы білімдерін бекіту.
Балаларды телефон арқылы өрт сөндіру бөліміне «101» қоңырау шалуды үйрету (нөмірді есте сақтау),өрт сөндірушілердің жұмысына қызығушылықтарын ояту.
Өрт қауіпсіздігі бұрышымен, ескерту жүйесімен, өрт сөндіру құралдарымен, эвакуациялау жолдарымен таныстыру.