1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының "Еркежан" бөбекжай-бақшасы" МКҚК Заңды мекенжайы: Атбасар қаласы, А. батыр көшесі, 65 б.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: 2024 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының "Еркежан "бөбекжай-бақшасы" МКҚК 72 қызмет көрсетілді:
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-71;
- Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау-1.
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының "Еркежан "бөбекжай-бақшасы" МКҚК Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының ақпараттық стендін ресімдеді. Тиімділік пен қолжетімділік мақсатында бақшада"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс істейді. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және білім беру ұйымының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру жөніндегі Медиа-Жоспар бекітілді. Балабақшада мемлекеттік қызмет көрсету процесіне, сапасына және қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша Атбасар қаласының" Еркежан "бөбекжай-бақшасы" МКҚК ресми интернет ресурсында орналастырылған" http://ds0005.atbasar.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 балабақша "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары: 2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша "Еркежан "бөбекжай-бақшасы" МКҚК жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.