Текст
1-Мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі қарсаңында балаларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Арай» тобында «Достығымыз жарасқан» атты тақырыптық сабақ өтті. Балалар белсенді қатысып, тақпақ, өлең айтып, ойын ойнап, жақсы көңіл күймен мерекені аяқтады.
Бірлік пен ынтымағы халықтың-
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!