Текст
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай мектепалды "Арай" тобында практикадан өтіп жүрген студент Калияхметова Аружан Ғалымжанқызының ұйымдастыруымен «Ғарышқа саяхат» тақырыбында жапсыру ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, қиялын ұштау, шығармашылық қабілеттерін арттыру және ұсақ қол моторикасын дамыту болды. Балалар зымырандар, ғаламшарлар мен ғарышкерлер бейнесін қағаздан қиып, түрлі-түсті аппликациялар жасады.
Балалар үлкен қызығушылықпен жұмыс істеп, өз қиялындағы ғарыш әлемін бейнелеуге тырысты. Бұл сабақ олардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, эстетикалық талғамын дамытуға да септігін тигізді.